ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АШЫҚ ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақ күресі және еркін күресінен КСРО-ның спорт шебері, ҚР қазақ күресінен VI дүркін жеңімпазы, «Түйе палуан», спорт ардагері Алтынбек Үсіпбайұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2009-2010 ж.т жасөспірімдер арасындағы Жамбыл ауданының ашық турнирі өткізілді. Барлығы 10 салмақ дәрежесінде 150 ден аса палуандар қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнай медальдар мен дипломдар және бағалы сыйлықтар мен марапатталды.

Нәтижесінде; 26кг 1-орын Өтеулі А (Аса), 2-орын Жұмахан А (Шу) , 3-орын Теміртаев Ж (Тараз). 29кг 1 орын Есімбай М (Шу), 2-орын Мәлік Н (Жайылма), 3- Байгөл М (Жуалы). 32кг 1-орын Жанабай Ерасыл (Қарасу), 2-орын Асан Е (қарасу), 3-орын Нұрыш Е (Аса). 35кг 1-орын Дарханұлы Н (Қарасу), 2-орын Байтұрған Н (Шу), 3-орын Манарбек Е (Шу). 38кг 1-орын Хашымбай Е (Бесағаш), 2-орын Нұрланұлы Н (Талас), 3-орын Шыншарбек Н (Қарасу). 42кг 1-орын Бейсенәлі М (Ерназар), 2-орын Есімбай Д (Шу), 3-орын Әзімбек А (Тараз). 46кг 1-орын Болат А (Сарысу), 2-орын Есберген Б (Аса), 3-орын Жұмабек Н (Аса). 50кг 1-орын Тұраш Досжан (Аса), 2-орын Досхожа Н (Аса), 3-орын Алдаберген М (Аса). 55кг 1-орын Абдраман Н (Шу), 2-орын Базарбай Ы (Аса), 3-орын Балтабай И (Аса). +55кг 1-орын Рахымжан А (Бесағаш), 2-орын Ошақбай Ж (Тараз), 3-орын Таубай Ә (Т.Рысқұлов) осы аталған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнай медальдар мен дипломдар және бағалы сыйлықтар мен марапатталды.
Жамбыл ауданы