«Қазақ балуаны Алмас Мұсабековты білесіз бе?
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында қазақ балуаны, спорт әлемінде бірнеше жүлделердің иегері Алмас Мұсабековпен кездесу өтті. Кездесуге А.Мұсабековтың жаттықтырушысы, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жаһид, жауынгерлік самбо ардагрлері фелдерациясының президенті Медеу Жетен, белгілі суретші Генадий Тян және өзге да ардагер спорт шеберлерімен қатар Нығметулла Киікбаев атындағы гимназия мен Жамбыл облыстық №8 мамандандырылған спорт мекебінің оқушылары, ұстаздары және жаттықтырушылары қатысты.
Кездесудің алғы сөзін алған қазақ балуаны А.Мұсабеков «Қазақ балуаны Алмас Мұсабековты білесіз бе?» аты кездесуді ұйымдастырып отырған орталықтың ұжымына алғысын білдіруден бастады.
«Қайда жүрсем де елім, жерім үшін патриоттық сезімімнен айырылған емеспін. Мұхит астым, әлемнің бірнеше елдерінде болдым. Соның бәрінде ел үшін, халқымның абыройы, намысы үшін аянып қалмадым. Спорт өзіңді ғана емес, елді, жерді танытатын, байрағыңды көкке көтеретін қасиетті өнер. Осы өнерді өзімнің саналы ғұмырымда шама-шарқымша алып жүрдім. Бізідің уақыта жағдай мәз емес етін. Барлық жарыстар мен әлемдік спотқа қазақтардың шығуы екі талай етін. Алла абырой беріп мен сол шыңдарға шыққанымды мақтан тұтамын және де соңымнан ізімді басып келе жатқан қазақ жастарына өзімнің жемісті жетістіктерімді тілеймін»,-деді ол өз сөзінде.
Одан кейін сөз алған балуанның жаттықтырушысы Марат Жаһид Алмас Мұсабековтың спортқа қалай келгені, жастық шағында белестерді қалай бағындырғаны туралы өз естеліктерін кездесуге қатысқан қонақтармен бөлісті.
«Алмастың он сегіз жасына толар толмас уақытында Кеңес одағының үлкендер құрамасына қатысуға іріктеу болатын болды. Іріктеу Новосибирск қаласында өтті. Ол жерде Алмас ІІІ-орын алды. 1980 жылы КСРО үлкендер арасындағы жарыста топ жарып, Кеңес Одағының үлкендер құрамасының құрамына ілінде. Содан бастап оның спорттағы үлкен жолы басталды. Бірақ көпшілік ойлағандай осы құрамда он жыл бойы ойнағандықтан ол Мәскеуде тұрған жоқ. Қайта Алмас патриоттық қасиетінің арқасында өзінің туған елінде тұрды. Біз тек Мәскеуге дайындыққа барып тұрдық. Өзгесін айтпағанда Қазақстан мен Кеңес одағының чемпионаттарында бір өзі 34 медал алған. Кеңес Одағының құрамында 16 мелекет болды. Осының ішінде бір өзі 34 медал алу деген расында да таңғажайып оқиға. Қазіргі Қазақстанның ішінде 10 медал алған бірде-бір адам жоқ. Алмастың бір қасиеті ол бала күнінен жаттыққан кезде жаттығу уақытынан ертерек келіп алатын. Осыншалықты жетістіктерге жеткені сол еңбе кқорлығының арқасы деп білемін»,-деді.
Еске сала кетейік, жерлесіміз Алмас Мұсабеков самбодан 1984 жылғы Әлем кубогының, 1986 жылғы Еуропа чемпионы және алтын белбеудің иегері, КСРО чемпионатының 1981-1984 жылдардағы чемпионы, 1981-1984 жылдың үздік спортшысы, 1982 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1984 жылғы КСРО кубогының иегері, 1980-1984 жылдарғы КСРО Қарулы күштері чемпионатының жеңімпазы, КСРО 4-5-ші ауыл спорты ойындарының чемпионы, дзюдо күресінен КСРО Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының арасында Орта Азия, Кавказ және Қазақстан елдерінің чемпионы, КСРО құрамасы сапында 1976-1989 жылдары өнер көрсеткен. Халықаралық деңгейдегі КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақ күресінен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, 1980-1981 жылдары қазақ күресінен екі мәрте Соцалистік еңбек ері Жазылбек Қуанышбаев атындағы турнирдің жеңімпазы, Самбодан ардагерлер арасында әлемнің 8 дүркін чемпионы, 2 рет күміс, 1 рет қола жүлдегері, Тараз қаласы мен Байзақ ауданының құрметті азаматы, 1986 жылы АҚШ-та қазақ күресінен федерация ашқан тұңғыш қазақ балуаны.
Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ
Шерхан мұртаза атындағы
руханият және тарихтану орталығының
аға ғылыми қызметкері