ЖҰМЫС БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаев және бөлім басшыларының қатысуымен кезекті аппарат отырысы өтті. Жиында төмендегі үш мәселе қаралды:
— Республикалық референдумға дайындық шаралары;
— 2022 жылдың қаңтар-сәуір айындағы қаланың даму қорытындысы мен қаржының игерілу;
— 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның орындалу барысы.
Тараз қаласындағы референдумға қатысушылардың саны — 249101. Қала аумағында учаскелерінің саны — 125, оның 107-і «ашық», 18-і «жабық» учаскелер. Қала әкімі аппараты қызметкерлері референдум учаскелерін зерделеу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Мәселен, учаскелердің 69-ы маңызды науқанды өткізуге толық дайын болса, 34-і әлі пысықталмаған. Дайын емес учаскелердің басым бөлігінде телефон, интернет, ту елтаңба, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған белгі қойылмаған. Сонымен қатар 2 учаскте мүлдем жұмыс жүргізілмеген. Кемшіліктерді түзету үшін 25-мамырға дейін уақыт берілді.
Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына келетін болсақ, жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар саны – 3438 адам немесе 31,2% құрайды. 2333-і тұрақты жұмысқа орналасса, 897 жастар, ал, 144 мүмкіндігі шектеулі жандар. 2022 жылы мемлекттік қайтарымсыз грант беруге республикалық бюджет есебінен бөлінген 531,8 млн теңгеге 434 адамды (о.і. 313-жастар, 121-осал топтарға жататындар) қамту жоспарланған.
Ержан Жылқыбаев:«Жоспарды толық орындау үшін, халықты ақпараттандыру қажетпіз. Бұл бағдарлама әсірісе, шалғай орналасқан округ тұрғындарына арналған. Шағын және орта бизнес орталыққа емес саяжайларға, алыс аумақты округтерге керек. Осы арқылы біз, сол маңдағы тұрғындарды жұмыспен қамтимыз әрі қызмет көрсету орталықтарының санын ұлғайтамыз», – деді.
Жиында қала әкімі қаралған мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.