ЖАМБЫЛДА БИЫЛ 1500-ДЕН АСА АДАМ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПКЕ АЛЫНДЫ — ДӘРІГЕР

Жамбыл облысы бойынша былтыр 7777 науқас қатерлі ісікпен есепте тұрды. Биыл алғаш рет анықталған аурулар саны – 1514, бұл аурушаңдық көрсеткішінің аздап көтерілгенін көрсетеді, себебі ауруды ерте сатысында анықтау жұмысы жақсарған және скринингтік тексеруден өткізудің де үлесі зор.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы көп бейінді онкология және хирургия орталығының директоры Алиханов Айбаз айтты. Ол аналық без қатерлі ісігімен өткен жылы 335 әйел есепте тұрғанын атап өтті. Мұның 49-ы алғаш анықталса, 27 тұрғын қаза тапты.
©️©️©️
«Аналық без қатерлі ісігі аналық бездің өзінде болады, яғни бірінші түрі немесе метастазалық болуы мүмкін. Бұл аурудың төрт сатысы болады, төртінші сатысы өте қауіпті. Диагностикалау жұмысы аналық бездің төмен орналасуына байланысты қиынға түсуі мүмкін. Көбінесе әйелдерді іштің төменгі жағын мазалайды, іштің үлкеюі, тамаққа тәбет тартпау, әлсіздік пайда болады. Өкпенің шаршауы, ауа жетіспеу аурудың асқынғанын көрсетеді. Сондықтан әйелдер акушер-гинеколог дәрігеріне уақтылы қаралуы керек. Дәрігерлер медициналық жабдықтармен тексеруге жібереді, әсіресе, уақтылы УЗИ, кеуде қуысын рентгенмен тексеру, МРТ, КТ, онкомаркералардан өту аса маңызды. Бұл әдістер ауруды ерте сатысында анықтауға көмектеседі», — деп түсіндірді дәрігер.
✳️Спикер өңірде қазіргі таңда тері меланомасымен 71 ауру есепте тұрғанын атап өтті. Сол сияқты, қуық қатерлі ісігі де біршама жиі кездесетін дерт. Бұл да 4 сатыға бөлінеді, төртіншісі өте қауіпті болып есептеледі.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі