ЖАЛЫНДАП ТҰРҒАН ЖАСТЫҚ ШАҚ
«Жастықтың бойынан парықсыз паңды емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы».
Ия… Қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов бұл сөзді бекерден-бекер қалдырған емес. Жалындап тұрған жастық шақтың лебінен жалқаулықты емес еңбекқорлықты көрсету керектігін көбісі түсінгенімен іс-әрекетте жасай қоймасы белгілі. Сонымен солай дейік…
Айтарымыз сынау-мінеуге алыстау. Айтарымыз ауданның абыройын асқақтатуға үлесін қосып жүрген азамат. Спортқа да өнерге де жаны құштар, Егіндікөл ауданының мәдениет үйінің қызметкері, халықтың ықыласына бөленіп жүрген асаба Қаириден Сүлейменұлы. Қазақтың қаны тамған тұла бойында қасиеттілік пен құндылықты көрсетіп жүрген Қаириден Сүлейменұлы Егіндікөл ауданының тұрғыны. Отбасылы, бақытты әке. Ауданның кез-келген іс-шарасы мен спорттық жарыстарына және өнер байқауларында бақ сынап, бағымен бабың қатар жүрген мақтаныштарымыздың бірегейі.
Жас жайдарманшыларғада жол сілтеп, жүлделі орыннан көрінуіне себепші болып жүр. Жақында өткен Аршалы ауданында облыстық «Өнер барысына» қатысып қайтты. Кеше ғана 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлер күніне байланысты аудан әкімі Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлының марапаттауына ие болды. Ауданның жастарына үлгі көрсете білген Қаириденге толағай жетістіктермен орасан шығармашылық, ақ жол тілейміз!!!
Ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімінің СММ менеджері Аманжол Сұрағанов.