АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданындағы №6 орта мектебінің«Соңғы қоңырау» шарасына қатысты. «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты жиынында аймақ басшысы оқушылар мен түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
– Ағымдағы жылдың ақпанында республикалық ғылыми жобалар байқауында облыс командасы «Ең үздік команда» атанып, 13-ші жыл қатарынан I орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, өңірдегі 32 мектеп түлегі Түркия, Қытай, АҚШ, Ресей және Оңтүстік Корея елдерінің жоғары оқу орындарына шақырту алды. Бұл Мемлекет Басшысының білім саласына деген зор қолдауының нәтижесі. Елімізде әлемдік деңгейде сапалы білім беру қызметін жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалған,-дей келе Нұржан Нұржігітов мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі.
Аймақ басшысы аталған оқу ордасының жағдайымен және жұмысымен танысты.