ЖАМБЫЛДА ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ПӘТЕРДІ СУБСИДИЯЛАУҒА 2 880,7 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков айтты. Оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға субсидия алу үшін қойылатын талаптар мынадай: ел азаматы болу керек; Отбасының соңғы 6 айда әрбір мүшесіне шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы шарт; Тұрғын үйге мұқтаж тұлға ретінде тіркеу және тұрғын үйге мұқтаж тұлға мәртебесін растауы міндетті; Тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы қажет.
«Жамбыл облысы бойынша бір шаршы метр үшін жалға алу құны 1370 теңге болып отыр. Биылға республикалық бюджеттен 2 880,7 млн теңге қаралған, ал қалған 20% жергілікті бюджеттен қарастырылады, яғни 576,1 млн. теңге. Қаржы операторы «Отбасы банк» АҚ-ның облыстық филиалында жоғарыдағы санаттарға жататын 5 800 адамның тізімі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басқарма тарапынан қаржы қарастыруға экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды», — деді спикер.