Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесті.

 

Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді.

Нақтырақ айтқанда, аталған Сурдлимпиадалық ойындарында еркін күрестен екінші орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, және дзюдодан 2 орынды жеңіп алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Ал, таэквондодан үшінші орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен үшінші орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан үшінші орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.

✅Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 — 15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV (24) жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының 65 спортшысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Оның ішінде 13 спортшы Жамбыл облысынан аттанған болатын.

Жамбыл облысы әкімдігі