ЖАҢАТАСТА ҚУАТТЫЛЫҒЫ МЫҢ ТОННАЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫ САЛЫНУДА

1 триллионға жеткізу.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев айтты. Ол ауданның қазынасы бүгінде 12,7 млрд теңге екенін де жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласында 4 айда өндірілген өнімнің көлемі 2,6 млрд теңге болған. Егістік жер көлемі 24 179 гектар ды құрап, оның 24 020 гектар жері немесе 99,3%-ы жоспарлы түрде игерілді.
©️©️©️
«Биыл 1 692,2 тонна тыңайтқыш аламыз, егістік жердің 13 000 гектар жер алқабы тыңайтылатын болады. Бүгінде 1261 тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасалып, 1179 тоннасы жеткізілді. «Кең дала» бағдарламасымен 13 шаруа қожалық 48,4 млн теңге көлемінде несие алуға өтінім беріп, 43,9 млн теңгемен қаржыландырылды. Ал жыл басынан бері өндірілген ет көлемі 3,1%-ға, сүт өнімі 1,7%-ға артты. Есепті кезеңде 162 млн теңгені құрайтын 19 жаңа техника алынды, жаңару көрсеткіші 3%-ды құрады. Жыл аяғына дейін техника жаңарту үлесі 11%-ға жеткізілетін болады», — деді әкім.
Спикер Жаңатас қаласынан қуаттылығы 1 мың тонналық азық-түлік қоймасын салу жұмыстары басталғанын атап өтті. Оның құрылысы Президент Қ.Тоқаевтың көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жоспарын әзірлеу, өнімді келесі маусымға дейін сақтаудың заманауи және қолжетімді инфрақұрылымын құру туралы тапсырмасын жүзеге асыру болмақ. Нәтижесінде, ауданда шағын өңдіріс цехтарын ашу көзделіп отыр. Әр елді мекеннің шикізаттық мүмкіндіктері зерделеніп, әр округке 1 зәкірлік жобаны іске асыру жоспары тиісті механизмдерімен бекітілді. Бүгінгі күнге жоспарлы 10 жобаның 3-еуі іске асты.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі