Ерлан Қошанов: «Президент реформаларының ел болашағы үшін маңызы зор»

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жұмыссапарымен Қарағанды облысына келді. АMANATпартиясының облыстық филиалында ол өңірдіңжұртшылығымен кездесті.

Ерлан Қошанов алдағы референдум жайлыайтып, ел тағдырын шешетін ауқымдыреформалардың мән-маңызын түсіндірді. Оныңайтуынша, Мемлекет басшысы ұсынып отырғанконституциялық реформалардың барлық салағақатысы бар.

Таяуда Президент Жарлығымен Ұлытауоблысы қайта құрылды. Өздеріңізге белгілі, қазіргіҚарағандыалып аймақ. Бір орталықтан мұндайөңірді басқарудың тиімсіз тұстары баршылық. Шалғай елді мекендерден облыс орталығына жетуқолайсыздық тудыратын. Сондықтан бұл халық үнінеқұлақ асқан әділ әрі тиімді шешім деп есептеймін. Дегенмен, Қарағанды облысы еліміздегі ең іріаймақтың бірі болып қала береді, – деді ЕрланҚошанов.

 

 

Жиында Мәжіліс Төрағасы еліміздің саясиөміріндегі үлкен өзгерістерді айта келе, қазіргіәлемде болып жатқан күрделі үдерістерге бейімделіп, түрлі сынақтарға дайын болуы керектігін атап өтті. – Қазір жаһан жұрты күрделі кезеңді бастан кешуде. Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде де ауқымдыөзгерістер болып жатыр. Президент реформаларыосы сын-қатерлерге берілген нақты жауап деп айтуғаболады. Біз жаңа әрі әділетті Қазақстан құруға бет бұрдық, – деді Палата Спикері.

Қазіргі таңда Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері өңірлердехалықпен кездесуде.

Жұртшылық Мемлекет басшысыныңбастамаларын жақсы қабылдап, қолдап жатыр. Ел болашағын айқындайтын осындай ауқымдыреформалардың тағдырын халықтың өзі шешуікерек.  Осы оймен Мемлекет басшысы референдум жариялады, – деді Палата Спикері. Сонымен қатарЕрлан Қошанов жасанды монополияларды түбегейліжойып, азаматтарға тең мүмкіндік беру үшінмемлекет тарапынан үлкен шаруа атқарылыпжатқанына назар аударды.

 

 

Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңібасталайын деп отыр. Енді барлық саяси күштерсайлаушылардың нақты сұранысына басымдықбереді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңамақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Халықеліміздің сайлау жүйесіне сенуі керек. Бұлбиліклегитимдігінің негізі. Сайлау саяси өміріміздегіқалыпты жағдайда айналуға тиіс. Біз бірте-біртеосыған келе жатырмыз, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Палата Спикері реформалардың басты мақсатыазаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудынегізге алатын әділетті қоғам құру екенін атап өтті.

  Қазір тұрғындардың көпшілігі мемлекеттікоргандардың нормативтік актілеріне көңілі толмайотыр. Олар әртүрлі инстанцияларға шағымдануда. Адамдар өздерінің конституциялық құықтарыбұзылып жатыр деп есептейді. Референдумнан кейінКонституциялық сот құрылады. Әр азамат осы органға немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкілгешағымдана алады. Омбудсменге конституциялықмәртебе беріледі. Енді олар өз конституциялыққұқығын қорғау үшін елордаға келмей-ақ, өңірлердегіуәкілдердің қызметіне жүгіне алады. Офистер барлықоблыста ашылады, – деді Ерлан Қошанов.

 Одан әрі Мәжіліс Спикері саяси жүйені кешендіжаңғырту мәселелеріне назар аударды. ОндаПарламенттің рөлін айтарлықтай күшейтуге ерекшемән беріліп отыр. Ерлан Қошанов бүгінде Парламент кез-келген ауданның бюджетін тексере алмайтынын, Парламент депутаттарында мұндай өкілеттік жоқекенін айтты. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, өңірлерге республикадан қыруар қаржы бөлінуде. Ал ел бюджетін бекітетін орган үшін оның қалайжұмсалатынын түсіну керек. – Енді Есеп комитетімен барлық тексеру комиссиялары Аудиторлықпалатаға біріктіріліп, жылына екі рет Мәжілісдепутаттары алдында жария түрде есеп беретінболады. Бұл Мәжіліске бақылауды күшейтугемүмкіндік береді. Осылайша республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерді бақылайалады, – деді Палата Спикері.

Сөз соңында Ерлан Қошанов облысжұртшылығын республикалық референдумғабелсенді қатысып, тарихи таңдау жасауға шақырды. Кездесуден кейін «AMANAT» партиясының төрағасыжеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарыменсөйлесті.

Палата Спикері жұмыс сапары барысындаТеміртау қаласының жұртшылығымен кездесті. Онда20 мың емделушіге арналған жаңадан ашылғанемханаға барды. Ерлан Қошанов ем қабылдайтынкабинеттерді аралап, дәрігерлермен әңгімелесті.

Одан кейін спорт дене шынықтыру-сауықтырукешеніне барды.

Кездесу барысында Теміртау қаласыныңбелсендісі Олег Гусев Қазақстан әлемде болыпжатқан барлық қиындықтарға қарамастан, көпұлттықоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, барша қиындықтарға төтеп бере алды деді.

Ең бастысыішкі саяси тұрақтылықты сақтау. Президентіміз өте жауапты және тез шешімқабылдайды. Біз оған бірнеше рет куә болдық. Бізоның ішкі саяси тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауғабағытталған саясатын қолдаймыз, деді ол.

Сапар аясында Мәжіліс Төрағасы Ленин атындағы шахтаның кеншілерімен, Абай ауданыКөксу кентінің ауыл шаруашылық тауарөндірушілерімен, сондай-ақ Шет ауданы С. Сейфуллин атындағы ауылдың жұртшылығыменкездесуді жоспарлап отыр.

                                                                                  Жомарт Шаймұрат