eGov-те шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды
eGov-те шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды. Бұл қызмет тек 1 қазанда қайта жұмыс істейді.
Электрондық үкімет порталында жаңа хабарлама пайда болды. ЖСН беру елде уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін уақытша тоқтатылды.
Бұл қызмет тек 1 қазанда қайта жұмыс істейді.
ЖСН мемлекеттік органдарға жүгіну және банк шоттарын ашу үшін қажет. Оны басқа елдің азаматтары да ала алады.