Т.РЫСҚҰЛОВТА «НҰРЛЫ ЖЕРМЕН» 4 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов айтып берді. Ол ауданға келген 32 маманға тұрғын үй үшін 147 024 мың теңге қаражат бөлінгенін жеткізді. Тағы 5 маман тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттің кезегінде тұр. 32 кадрды әлеуметтік қолдауға 9 801,6 мың теңге қаражат қаралды. Қазіргі таңда 10 маманға көтерме жәрдемақы төленген.
«Ауданда тұрғын үй кезегіне 1 547 адам тіркелген. Оларды кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты 2 үйдің құрылысы жүруде. Бірінші үйдің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылы пайдалануға берілді. Екінші үйдің құрылысы былтыр басталған, осы жылы беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасымен көп қабатты екінші үйдің құрылыс–монтаж жұмыстарына ағымдағы жылға бюджеттен 348,129 млн теңге бөлінді. Бұл нысанды да биыл тапсырамыз иелеріне. Жобаның келісім шарт құны – 673 726 мың теңге», — деді әкім.
Спикер жалпы тұрғын алқапқа 4 көпқабатты үй құрылысын салу жоспарланғанын атап өтті. Үшінші үйдің жобалау сметалық құжаты дайындалып, сараптама қорытындысы алынған. Төртінші үйдің жобасын дайындау үшін бастапқы құжаттары әзірленіп 2023-2024 жылдары жобалау жоспарлануда.
Өңірлік коммуникациялар қызметі