Өмір

Өмір бәрін теңгеріп, есеңді қайтаруға келгенде өте епті. Қазір басыңа күн туып, қиналып тұрсаң — алда үлкен қуаныш болатыны анық. Көз жасыңның әр тамшысын өтейтін риясыз күлкі береді. Өмір сүргің келмей, көңіл бәрінен қалғанда келесі бұрылыста ғұмыр кешуге лайық бір-екі керемет орын алып, бақыттың құшағына құлайтыныңды ғана ойла. Кей сәттерді ерік-жігеріңді жұдырыққа түйіп, үндемей өткізіп жіберу керек. Дәл қазір табан астындағы жер қозғалып бара жатса, ендеше қанат бітіп, көкке самғайтын мезет тақап қалғаны, қуана бер!
Бәрі жақсы болады! Бұл заңдылық!
©Алина Ермолаева
Аударған Шынар Әбілдә