«Алдамаңдаршы»

Қажет болғанда көмегім,
Барымды қиып беремін.
Шынайы болса сөздерің
Алдамасаң да сенемін.
Тасыған кезде мерейім,
Саған да шуақ төгейін.
Тура жолда жүр артыңнан
Мақтамасаң да ерейін.
Қара тер шығып шекеден,
Биікке қонсам не етер ем?
Қолыңды созсаң сеніммен
Жағынбасаң да көтерем.
Жасамайықшы жетім іс,
Өртемес үшін өкініш.
Өзіңді және мені де
Алдамаңдаршы өтініш.
Жәнібек Салқынбек