Асанәлі Әшімовке «Оскарды» сыйға тартты

8 мамырда театр және кино саласының саңлағы Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды. Осыған орай «Қазақфильм» киностудиясында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шарада актерге киностудия өкілдері түрлі сыйлық жасады. Оның ішінде ерекшесі – Асанәлі Әшімовтің фильмдері жиналған кітап тәрізді флешка. Ал Ақан Сатаев киногерлердің атынан асылтұқымды тұлпар сыйлады.

«Арабтың үш жасар арғымағы. Есімі – Оскар. Осы «Оскарыңыз» болсын. Бізге жол сілтеп, үлгі көрсетіп жүре беріңіз», – деді режиссер.

Асанәлі Әшімов – Кеңес Одағының және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері.

turkystan.kz.