Тұңғыш скрипкашы Балым Қожамқұлованың отбасы туралы
Серке Қожамқұловтың скрипкашы қызы туралы пост жазғанда отбасы туралы айтылмады деген пікір айтылды. Осыған орай бүгін скрипкашы қыздың отбасы туралы жазбақпын.
Балым Серәліқызының жары — Мұхамбетов Төлеубек Ибадоллаұлы 1937 жылы 23 сәуірде Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Екеуі бірге 49 жыл отасқан. Теміржол саласында 43 жыл инженер-электрик болып еңбек еткен. Қазір зейнеткер. Шахмат ойнауды ұнатады.
Екеуінің жалғыз ұлы Арман 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келнен. Алматы энергетика институтын және Тұран университетін бітірген. Логистика саласында жұмыс істейді.
Келіні — Динара кәсіби биші. Соңғы 10 жыл бала тәрбиесімен үйде.
5 немересі бар. Үлкені Дария 26 жаста. Соңғы 10 жылда Англияда оқып, шетелде жұмыс істеп тәжірибе жинақтаған. Қазір елге оралып, коммуникация саласында жұмыс істейді. Скрипкада ойнайды.
Одан кейінгі немересі Саида 24 жаста. Ол да Англияда білім алып, еңбек еткен. Қазір Қазақстанда балалар психологы ретінде қызмет етеді. Фортепианода ойнайды.
Үшінші немересі Аян 12 жаста. 7-сыныпта оқиды. Футбол үйірмесіне барады.
Төртінші немересі Жәнібек 10 жаста. 4-сыныпта оқиды. Компьютерлік программалауға қызығады. Болашақта банк саласында қызмет етуді армандайды.
Кенже немересі Аңсат.