Таластықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
⚫ Бүгін ауданымызда сонау 1937-1938 жылдары «Халық жауы» деген орынсыз тағылған айыптан, қуғын — сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтарды еске алуға арналған шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, қала әкімі Дархан Баймбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы бастаған зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысып, ел тарихы үшін бұл шараның бар маңыздылығын атап өтті.
⚫ Президенттің 1997 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен бекітілген «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталып келе жатқанына 25 жыл толып отыр. Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие.
⚫ Іс-шара соңында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға» арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, сол бір қыстау заманда қаза тапқан ата-бабаларымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, рухтарына құран бағышталды.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі