БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» қайырымдылық шарасы өтті.
Аталмыш шара «Балалар жылы» аясында, 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты балаларға көтеріңкі көңіл- күй, қуаныш сыйлау, жастардың бойына ізгілік ұялату, қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау мен бауырмалдыққа тәрбиелеу болып табылады.
Бағдарлама аясында түрлі костюмдегі кейіпкерлер балалардың көңілін көтеріп, ойындар ойнатты. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ кейіпкерлер де бір сағаттық қойылым қойып, арты көңілді ойын мен биге ұласты.
Сондай-ақ, шара соңында Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұжымының атынан балаларға арналған сый-сыйапат, тәттілер тарту етілді.