Балалар үшін жазғы демалысты қалай ұйымдастыруға болады?
Сарысу ауданы бойынша 2022 ж, мектеп жанындағы лагерлерге 7423 бала жоспарланып отыр. Оның ішінде 1176 бала ыстық тамақпен қамтылады.Оқушылардың лагерде болу уақыты 4 сағат.Барлық 24 мектептерде 24 медбикилер бекітілген,керек дәрі дәрмектермен қамтамасыз етілген. Мектеп жанындағы лагерлердің жұмысын дұрыс ұйымдастыру бойынша Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма мамандары медицина және әлеуметтік яғни лагерге жауапты тұлғаларға ҚР ДСМ 2018 жылғы 3 сәуірдегі №146 «Балалардың сауықтыру және санаторий обьектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптары» бойынша семинарлық сабақ өткізілді.
С.Артықбаев,
Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы