ТҮРКІСТАНДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары рухына тағзым етілді. Оған ел ағалары мен ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және қала тұрғындары қатысты. Шара аясында қоғам қайраткері, жазушы Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Бір минут үнсіздіктен соң, алаш арыстарының ғұмырынан сыр шерткен қойылым сахналанып, қуғын-сүргін құрбандарына жыр шумақтары оқылды.
Жиын соңында Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов сөз алып, «Елі, жері үшін жанын пида еткен арыстарымыздың ел тарихындағы орны ерекше. Қазіргі тыныш тіршілігіміз бен бейбіт өміріміздің де негізін қалаған осы азаматтар. Елім деп өткен ата-баба рухына құрмет көрсетіп, қадірлеу – азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз» деді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі