“Азаттық” радиосының “Қаңтар құрбандары” жобасы іске қосылды

“Азаттық” радиосының “Қаңтар құрбандары” жобасы іске қосылды. Мына қара тізімде 4 жасар сәбиден 78 жастағы апаға дейінгі 188 адам бар.
Қазір қолда бар мәліметтер бойынша, қаңтарда қаза тапқан азаматтардың отбасында кәмелетке толмаған 100-ге жуық бала жетім қалды. Бұл әлі толық емес цифрлар.
18 бен 25 аралығындағы 46 өрімдей жас оққа ұшқан.
188 адамның 85-і 25-тен 40 жасқа дейінгі тепсе темір үзетін жастағы азаматтар. Бір-бір үйдің тірегі, асыраушысы, арқасүйері.
“Қаңтар құрбандары” жобасы құрбан болған азаматтарды есте қалдыруға арналған. Оған әр адам мәлімет беріп, үлес қоса алады.