Тараздық құтқарушылар суға ағып бара жатқан баланы құтқарды

2022 жылдың 31 мамырында Талас өзенінің маңында шомылып жүрген 10 жасар жеткіншек суға ағып кетті.

ТЖД қызметкерлері төтенше жағдайдың алдын алу шараларын жүргізу барысында өзенде ағып бара жатқан баланы көздері шалып, шұғыл әрекет еткен.
Осылайша 100 метрден астам жерге ағып бара жатқан баланы судан құтқарған құтқарушылар оған шұғыл түрде алғашқы көмек көрсетіп, ішіне жұтып қойған суын шығарған. Есін жиған баланың ата-анасын және полиция қызмектерлерін шақыртып, қатаң ескерту жасаған.
Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, өрт немесе түрлі сипаттағы төтенше жағдай туындаса «101» және «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеміз.

 

Жамбыл Инфо