Адам баласы айналасына жылу, мейірім шашып жүруі керек
Біреу туралы көреалмаушылық, кертартпа ой болса, ол адамның өмірі жақсы емес. Әрқашан жақсы ойлау керек. Өзіңді физикалық жағынан қаншалықты сақтасаң, адамға деген жақсы, жылы ойың да соншалықты болуы тиіс. Бұл адамның бет-бейнесіне бірден әсер етеді. Көбінесе ой жұмысы керек. Жақсы ой, жақсы пікірде жүру керек.
Адам болған соң біреуді біреу көре алмай, бәсекелестікте жүреді. Ондайды ұнатпаймын. Өзім бәсекелесіп жүретін адамнан қашқақтаймын. Мұндай адамнан мейлінше аулақ жүрген дұрыс. Себебі менің ұғымымда жақсы адам айналасына мейірім шашып, жылы орта қалыптастыруы қажет. Көбінесе қимылда жүрген дұрыс.