ЖАЛҚАУЛЫҚ – ДЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАТАДЫ

Өмір бойы «түк бітірмедім» — деген сөзбен жаныңды жеп уайыммен өткізесің. Бәрі де ұсақ-түйектен басталады.
~ ӘР ІСТІҢ ҚАЙЫРЫ БАР.
1. «Кемшіліксіз адам болмайды — деген сөздерді миыңнан өшіріп таста.
2. Біз көбінесе өзімізді аяймыз, қиналғымыз келмейді. Керісінше, сен өзіңді аяма, жемісін көресің.
3. Бүгінгі күнді соңғы күн секілді сезініп, ертеңгі күнге тірлік қалдырма.
4. Жалқаулықтың жауы — ұйқы.
5. Бұл өмірдің әрбір сәтінен рахат ал.
6. Бұл өмір қысқа. Біз қонақпыз, бұл ақиқат. Өмірді бос өткізбе.
7. Күнде жатар алдында өзіңнен есеп сұра. «БҮГІН МЕН НЕ БІТІРДІМ?»