ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 2021-2022 оқу жылында Республикалық ғылыми жобалар байқауына облысымыздың 50 оқушысы қатысып, оның ішінде 29 жас дарын алтын, күміс, қола медальдерді жеңіп алса, 7 оқушы ЖОО грантына ие болды.
Түрлі додаларда топ жарып жүрген жас дарындармен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кездесіп, талапты өрендермен еркін сұхбаттасты.
Кездесу барысында облыс әкімі Н.Нұржігітов дарынды жастарға алғыс жариялап, сертификат сыйлады.
Ал жеңімпаз оқушыларды дайындаған 15 мұғалімге Құрмет грамоталарын табыстады.