Сенің ғұмырыңды ұзартатын құбылыс осы!
Адамның ғұмырын ұзартатын оның балалары да, немерелері де емес, аралас-құралас жүрген жақын жора-жолдастары ғана. Балаларың сені әке-шеше деп біледі, ал немерелерің ата-әже деп қана біледі, сол инстацияда ғана боласың…
Жора-жолдас,олармен бірге жүру, олармен жиі бас қосу— сенің ғұмырыңды ұзартатын құбылыс осы! Олармен өзіңді шынайы өзің ретінде сезінесің, жасанды үлкенсу, ақылдымсу, білгішсіну, данышпанның маскасын кию болмайды… Сенің мінезіңді де, сөзіңді де, хәл-қадіріңді де,тіпті қалтаңдағы ақшаңның мөлшерін де солар сенің өзіңнен жақсы біледі… әрі кісілігіңді көрсетем деп қымсынбайсың да, қысылмайсың да… Осылар сенің риясыз достарың, ғұмырың осылармен ұзарып, уақытың көңілді өтпек… Қалған өмір деген осы… қалғаны… сүреңсіз…