Қарағанды облысы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде
Биыл Қазақстан мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өтуде. Қарағанды облысында осыкүнге орай вело-және автошерулер, концерттер, челлендждер, көрмелер, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Оған өңірдің барлық қалаларымен аудандары қатысады.
Облыстағы бұқаралық іс-шаралар ҚазақстанРеспубликасының Әнұранын орындаудан басталды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Мемлекеттік рәміздердің қолданылуын насихаттап, қолдау көрсетіп жүрген (білім, өнер, спорт және т.б) бір қатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, тұрғындарға жақсы көңіл күй сыйлады.
Тутұғыр алдындағы алаңда құттықтау бағдарламасынан кейін веложарыс басталды.
Оған кәсіби мамандар да, велоспорт әуесқойларыда қатыса алды.
Іс—шараға атақты спортшылар да қатысты, олардың арасында 1972 жылы МюнхендегіОлимпиада ойындарында КСРО велоспортынанолимпиада құрамасының капитаны АнатолийСтепаненко да болды.
– Қарағанды облысы әрдайым жарқын жәнеталантты спортшылармен танымал болды. Албүгінде қарапайым қарағандылықтар давелосипедпен жүріп, салауатты өмір салтынұстанады, – дейді Анатолий Степаненко. – Веложарыс маңызды шара. Ол халықты біріктіреді. Мұнда өз елінің нағыз патриоттары жиналды. Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтағымкеледі.
Қашықтыққа 200-ден астам адам шықты.
Мереке барлық буын өкілдерін біріктірді.
Мемлекеттік рәміздер алаңында велосипедшілерқаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, тәуелсіздік монументінің алдында мәреге жетті.
Қала орталығында «Менің туым, меніңмақтанышым» патриоттық акциясы жалғасты.
«Қарағанды» қонақ үйінің балкондарына 25 мемлекеттік ту орнатылды.
Еріктілер тұрғындарды тәтті сыйлықтармен жәнежалаушалармен қуантты.
Сондай—ақ, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағыакадемиясының құрметті қарауыл ротасының шеруіөтті.
Облыстың көптеген қалалары мен аудандарындамемлекеттік рәміздер күніне орай авто-, мото — жәневеложарыстар өтті.
Жомарт Шаймұрат