Таластың қарттары үйлерінен шықпай-ақ дауыс беруге мүмкіндік алды

Еліміздің Негізгі заңына енгізілген өзгерістерге дауыс беруде Талас өңірінің тұрғындарының белсенділігі жоғары.
Референдумға 18 жастан асқан кез келген адам қатысуға құқылы. Бірақ сайлау учаскесіне келуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан зейнеткерлер мен мүгедектер үйлерінде дауыс береді.
Талас ауданы бойынша сайлау комиссиясының аумақтық штабы тарапынан сайлау учаскесіне жете алмасам да, таңдау жасағым келеді деген жандар үшін мобильді топтар құрылған.
Сағат 18:00 жағдай бойынша Талас ауданы бойынша референдумда дауыс бергендер саны 19 402 сайлаушыны құрады, бұл жалпы сайлау құқығына ие сайлаушылардың 73,04 пайызын құрайды.
                                                                                       Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі