101 жастағы соғыс ардагері дауыс берді
Кемелбек Шаменов 1921 жылдың 15 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1941 жылы Сырдария облысы, Сырдария ауданынан соғысқа аттанған. 1942 жылы майдан даласында ауыр жарақат алып, елге оралды.
Соғыстан кейін «Алексей нан» заводында жүк тасушы, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде жұмысшы болып істеп, 1977 жылы зейнетке шыққан. Бүгінде 1 ұл, 3 қызынан 20 немере-шөбере сүйіп отыр.
Қария Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, «Маршал Г.Жуковтың» және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.
«Барша халыққа бейбітшілік, амандық, гүлдену және ашық аспан тілеймін. Жастар еліміздің тірегі болсын. Ал, біздің балалар ешқашан соғысты көрмесін. Олар өз таңдауларын жасап, елімізді өркендете берсін», — дейді соғыс ардагері.
№369 сайлау учаскесінде дауыс берушілер саны- 1442 адам.
Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі