«М.Өтемісұлы поэзиясын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері»

Орындаушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ

Филология және көптілді білім беру институтының

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенттері:           Т.Ақниет, Н.Дария, С.Ақнұр, М.Нұрғалым

 

 

М.Өтемісұлы – заманымыздың заңғар ақыны, даңқты батыры, қазақ әдебиетіндегі, тарихындағы қайталанбас талант иесі. Жаужүрек ақынның поэзиясы XIX ғасырдың жаугершілік кезеңін, күйініші мен сүйінішін, халық өмірінің рухани-поэтиткалық шежіресін бек танытады. Тарихшы ғалым Т.Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі – рухани ұстазымыз, бірі – рухты ұранымыз» [1.56]  деп ақынның болмысының өзегешелігін айтап еді.

Тәуелсіз елімізде М.Өтемісұлының шығармашылығын зерттеу, оның азаматтық болмысын танытатын ғалымдардың зерттеушілік еңбектері бүгінгі күнге дейін толассыз дами түсуде, ол зерттеулерде ақынның батырлық, жаугершілік сарындағы өлеңдерінің поэтикасы ғана емес, ақынның шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа жеткізу мазмұнындағы әдістемелік бағыттағы зерттеулер жан-жақты зерделенуде. Күні бүгінге дейін М.Өтемісұлының поэзиясын түрлі сипатта талдау зерттеулері, әдістемелік ғылыми еңбектер өз бағасын алып отыр. Махамбеттану ғылымын зерттеушілер: Қ.Жұмалиев, Қ.Аронов, Қ.Жүсіп, Қ.Мәдібаева, Ж.Оразова, А.Берқайыр, Б.Адамбаев, И.Кенжеалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерінің алатын орны зор. Дәуір жылжып, уақыт озған сайын «Махамбеттану» ғылымының салалары мен бағыттары өзіндік дара үрдіс алып, даму үстінде. Десек те, ақынның поэзиясы жас ұрпаққа жеткізу, оқыту – кезек күттірмейтін келелі мәселе екені айтпаса да түсінікті. Яғни, ақынның шығармашылық мұрасын әдістемелік бағытта жүйеге салу, әдістерді ықпалдастыру әдіскер ғалымдардан білік пен білім тәжірбиесін талап етеді. М.Өтемісұлының батырлық болмысын қазақ халқының табиғатымен байланыстыра, қазіргі ЖББМ-дағы технологиялық өрістерді пайдалана отырып ақынның мұрасын жаңа қырынан таныту, өзегеше таныстыру өзекті мақсатқа айналып отыр.

 

Зерттеу әдістері.

       Зерттеу жұмысының барысында М.Өтемісұлының шығармашлық мұрасы – поэзиясының көркемдік ерекшелігін танытуда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері («ПОПС» формуласы, «Төрт сөйлем» әдісі) қарастырылып, сонымен қатар ақынның поэзиясын талқылау барысында аннотациялық талдау, мәтінді меңгерту, әдеби талдау түрлері жасалынып, образды талдау және т.б талдаулар шығарманың көркемдік идеясын ашып, көркемдік ерекшелігін таныта түсті. Сол сияқты салыстыру, жүйелеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.

 

   

         Талдау мен нәтижелер.

      М.Өтемісұлы поэзиясы – заманның шері, батырлығы мен қайсарлығы, ерлігі мен үмті аралас қуатты жырлар. «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым», «Ерлердің ісі бітері ме?», «Қызғыш құс» сынды өлеңдері оқушылардың ойына қозғау салар, париоттық рух беретін, тәрбиелік сипаты басым, ең бастысы: өткен дәуірдің сезімін сыйлар шығармалар.

Жалпы орта білім беретін мектептерде ақынның мұрасын таныту екі түрлі кезеңнен тұрады деп есептейміз.

  1. 5-7 сынып оқуышыларының әдебиет оқулықтарындағы материалдар.
  2. 9 сынып оқушыдарының әдебиетіндегі кеңінен оқытылатын өлеңдер топтамасы.

      Демек, ақынның мұрасының оқытудың алғышарты: жас ерекшелік кезеңіне байланысты, яғни, оқушының санасына, түсіне алуына (интерпретация) байланысты екенін көреміз. Бұл – дұрыс жол. Ақынның өлеңдері ауыр сөз тіркестеріне, эмоцияналды бояуларға, түйдек-түйдек философиялық ойларға толы. Сондықтан да ақынның поэзиясын оқыту алдымен осы «саналылық принципінен» бастаулы қажет. Бұл жалпы кең тұрғыдан саралғандағы обьективті тұжырым.  М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» еңбегінде: «…характерлер қатынасқан күрес-тартыстар ғана шығарманы кең құлашты, масштабы етеді. Характерінің бір ғана қырынан көрінген адам кесек бейне бола алмайды, ол үшін кейіпкерді барлық қырынан жан-жақты талдау керек» [2. 48.]. Бұл қаламгердің жазушылық шеберлігін аша түседі. Қаламгердің қай шығармасын алмаңыз, характер сомдау шеберлігі әр қырынан ашыла түседі. Сондай-ақ кейіпкерлерінің тағдырына сай адам характерін ашуда аса зор талғамдық танытады.

9 сыныпта М.Өтемісұлының поэзиясына 7 сағат уақыт берілген. Демек, 7 сағаттың теориялық және практикалық ерекшеліктеріне ұстаз өз  тарапынан дайындалуы абзал.

1- сабақ: Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтылады. Махамбет өмір сүрген дәуірдегі тарихи оқиғалар көрініс табады. Мұның өзі «интеграциялық принцип», яғни, әдебиетті басқа да жанама салалары мен байланыстыра оқыту. Бұл жүйедегі сабаққа дәл келетін сабақ түрі – тарихшы ұстазбен бірге жасалған «шығармашылық сабақ» ұтымды деп ойлаймыз.

2 – сабақ: Ақынның поэзиясын арналады. Демек, негізгі және ең басты өріс алатын сабақ – осы. Бұл сабақта ұстаздың әдістемелік жүйесі нақты, әрі толымды болғаны дұрыс.

Көркем шығарманы, әрі поэзияны талдаудың бір түрі – «тұтас талдау» деп аталады. Шығарманы талдауда «тұтас талдау» әдісінің орны ерекше. Бұл талдаудың өзектілігі, маңыздылығы қандай? Ғалым, ұстаз К.Әбілқасымованың пікіріне сүйенетін болсақ: «Талдау оқуға алынған шығарманың желісіне орай, жеке эпизодтардан басталып оқиғаның өрбуі бойынша жүргізіледі. Тұтас талдауда жаңа бір оқиғаға тоқтала отырып, кейіпкердің сол оқиғадағы қимыл-қозғалысын, іс-әрекетін, басқа кейіпкерлермен қатынасын айқын көрсетуге болады. Оқиғаларды қарастыру арқылы оқушылар әрбір эпизодтарының қызметін, өзара байланысын, кейіпкер хактерін ашудағы рөлін де байқап отырады. Тұтас талдау шығарманың композициясына, басталып-аяқталуына, оқиғаның дамуына, тартысына, шарықтау шегі мен эпилогына балалардың назарын аударып, әдеби білімдерін тереңдетіп отыруға да тиімді.» [3.35]

Әдебиеттің оқыту әдістемесінде поэзияны талдаудың әдістері мен тәсілдері мол. Сол әдістердің ең ыңғайлысы, әрі көрнекітісі – сызба кесте арқылы талдау

 

Өлеңнің атауы Өлеңдегі ақын бейнесі және кейіпкерлер Ақынның көркемдік әдісі мен тәсілі. Өлеңді талдау.
 

1. «Тарланым»

 

 

Ақынның жалғыздығының бейнесі. Дәлірек, досы Исатай батырдан айырылған ақынның күйігі өлең болып, жыр болып төгілген. Ақынның бейнесі «лирикалық сипатты».

 

Өлең 32 тармақтан тұрады. Шұбыртпалы, аралас ұйқастардан және 2 бунақтан тұрады. Өлеңдегі негізгі көркемдік қүрал: ұлғайған метафоралар. Ритрикалық сұрау сипатында жазылған.

 

М.Өтемісұлының поэзиясының көркемдік ерекшелігін танытуда оқуышылар  төмендегідей оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері жүргізуге болады. Бұл тәсілдер ақынның өлеңдерін талдап болғаннан кейінгі әдістер болып табылады:

 

  1. «ПОПС» формуласы.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша…»

Екінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім»

 

  1. «Төрт сөйлем» әдісі
  2. Пікір
  3. Дәлел
  4. Мысалы
  5. Қорытынды

 

Қорытындылай келе, осындай әдістерді қолданудың пайдасы мол. Өйткені уақытты үнемдеудің және сабақты жүйелеудің алғышарты – нақытылық деп ойлаймыз. Біздің бұл талдауда тек ақынның поэзиясын оқытудің негізгі және алғашқы сабақтарын алудың обьективті себептері де жоқ емес. Алғашқы сабақтардан оқушыларға әсер ете алған ұстаздың одан кейнігі сабақтары сәтті өтеді деп ойлаймыз. Ең бастысы «білім беру бағдарламасындағы» ерекшеліктерді сабаққа пайдалану. Әр сабақтан әр сабаққа сақбақтың өту жылдамдығын, эмоциялық бояуын қоюлату, әдістердің жүйелі болуы, ақын өлеңдері арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу сияқты маңызды тұстарды жеткізу мазмұны болып табылады. Өйткені қазір жоғары білім беру жүйесінде оқыту үдерісін ұлттық құндылықтарға бағыттау, соның негізінде тәрбиенің құралы ету маңызды болып отыр. «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. М.Өтемісұлының өлеңдерін талдаудың, танытудың алғашарты осы.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Боранғалиұлы Т. Жәңгір хан. –Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2014. – 528 бет.

2   Бердібай Р. Тарихи роман. [Мәтін]. — Алматы: Санат, 1997. – 336 б.

3  Әбілқасымов К. Көркем шығарманы талдау жолдары. Білім берудегі менеджмент.-№2.-35-40 б.