Қанша ағайының (бауырың, досың) бар, соншама өмір беремін
Бір өте байқуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан:
— Құдай, маған кішкене өмір берші!, — деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Аллаһ Тағала əлгі қарияның көзіне көрініп:
— Пендем қанша өмір сұрайсың? — десе, əлгі қарт:
— Ағаштың жапырақтарының санымен тең өмір? — депті, сонда Құдай:
-Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапырақтың санына, — депті.
— Онда қанша бұтақ бар, соншама, — десе,
— Ол да болмайды, тым көп, — депті Аллаһ Тағала, сонда əлгі қария:
— Қанша өмір бере аласыз?, — деп сұраған екен.
— Өмірде қанша ағайының (бауырың, досың) бар, соншама өмір беремін — депті Аллаһ Тағала, сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін ағайын, бауыр, дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен.