ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰМЫТЫЛЫП БАРА ЖАТҚАН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ
Көбіміз салт-дәстүрлеріміз жайында білеміз, бірақ қазіргі кезде оларды ұстана бермейміз. Сол себепті БІЗ кейбір салт-дәстүрлерді есімізге алып көруді шештік.
1.Ерулік
Ерулік – жаңадан көшіп келген адамдарға, көршілерге арналған қонақасы. Ерулік жаңа көршілерін жақындастыруды көздейді. Жылқы еті, қазы-қарта, жал-жая мүшелері немесе қой еті сойылып, дастархан жайылады.
2.Ат тергеу
Қазақтарда әйел күйеуінің туыстарын есімімен атамауы тиіс. Ағалары мен әпкелерін еркелетіп атауы керек. Әдетте келіндер жаңа туыстарын «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым» деп атайды.
3.Құрсақ той
Құрсақ той, құрсақ шашу — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі. Келіннің аяғы ауыр екенін білген бақытты енесі туған-туыстарын, көршілерін шақырып, дастархан жаяды. Іс шараның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне көңіл бөлу. Үлкен адамдар бата береді, ал әйелдің құрбылары тәжірибелерімен бөліседі.
4.Жарыс қазан
Әйел босанып жатқан кезде, жақын туыстары, негізінен әйелдер жиналып, қазанда ет пісіріп, қонақ шақырады. Әйел қазан қайнағанға дейін босанса – жақсы ырым деп саналады.
5.Сүйек жаңғырту
Егер құдалар екінші рет құда атанса, келесі құдалық «сүйек жаңғырту» деп аталады. Бұл салт күйеу жігіт пен қалыңдықтың келісімімен өткізіледі.
6.Селт еткізер
Қандай да бір салтанаттың алдында қыздар ұнайтын жігіттеріне «Ұйқыашар» тағамын әзірлеп береді. Ал жігіттер жауап ретінде әшекейлер немесе басқа да бір нәрселер сыйлайды.
7.Абысын асы
Бұрын келіндер күйеулерінің рұқсатынсыз көңіл көтермейтін. Ер адамдар тойға, айтқа кеткен кезде, ауылда әйелдер ғана қалатын. Сол кезде олар өздері ет пісіріп, самауырға шәй қайнатып, ән айтатын, әзілдеп, сырларымен бөлісетін, әңгімелесіп, көңіл көтеріп отыратын. Бұл қазақ әйелдерінің бірлігінің, достығының белгісі. «Абысын асы» әйелдерді өзара жақындастыратын.
8.Асату
Әдетте ақсақалдар табақта қалған еттамақты өз қолдарымен алып, балаларға беретін. Бұрын балалар қонақ шақырған үйдің жанында жүріп, ішіне шақырғанын күтетін. Жазушы Сәбит Мұқанов бұл салт жайында өзінің шығармаларында көп жазатын.