Облысымызда а.ж. 26 мамыр күні оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында жазғы мектеп жұмысын бастаған еді. Бүгінгі күні оған 102 869 бала қатысуда (1-8 сынып, 10сынып).
Ал облыстық дарынды балаларға арналған мамандандарылған «Білім-Инновация» лицей-интернаттарында 200-ге жуық бала жазғы мектеппен қамтылды.
Еске салсақ, жазғы мектепте білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді. Мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген.