Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жәнеонкологиялық аурулары бар балаларға арналғанпаллиативтік орталық ашылды
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жәнеонкологиялық аурулары бар балаларға арналғанпаллиативтік орталық ашылды. Пациенттер менолардың ата-аналарына медициналық, әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетілетінболады.
Светлана Алтынбекова – жаңа орталықтыңалғашқы келушілерінің бірі. Көпбалалы ана екіерекше бала тәрбиелеп отыр. Оның ұлы Шыңғысцеребральды сал ауруымен ауырады. Әйел ұзақжылдар бойы Қарағандыда дәл осындай орталықтыңашылуын күтіп жүргенін мойындайды.
– Мен қалада осындай орталық пайда болғанынақуаныштымын. Ерекше балалардың ата-аналарынапроблемалармен жалғыз арпалысу қиын. Көбіне бізгеморальдық қолдау қажет, – деді Светлана.
Орталықты құру Қазақстан паллиативтік көмеккөрсету қауымдастығының бастамасымен жәнеAMANAT партиясы депутаттарының қолдауыменжүзеге асырылды.
Ашылу күні кішкентай пациенттер үшінаниматорлардың қатысуымен ойын-сауықбағдарламасы ұйымдастырылды. Ал аналарғасыйлықтар, гүлдер ұсынылып, азық-түлік себеттерідайындалды.
– Паллиативті медициналық көмек көрсету – бұлөмірге қауіпті ауруларға байланысты проблемаларғатап болған пациенттер мен олардың отбасыларыныңөмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тәсіл. Ерте диагностиканың, дұрыс бағалау мен емдеудің, сондай-ақ физикалық, психоәлеуметтік немесерухани болсын, басқа да проблемаларды шешудіңарқасында паллиативтік көмек азапты болдырмауғажәне жеңілдетуге мүмкіндік береді, – деп атап өттіҚазақстан балаларына паллиативтік көмекқауымдастығының директоры Әлия Қадырәлиева.
Орталық қызметкерлері өз қамқорлығындағыадамдарға сапалы көмек көрсете алуы үшінмедициналық қызметкерлер мен ата-аналарға оқытукурстарын өткізуді көздеп отыр. Қазір арнайыпациенттер кіретін клиенттік база толтырылуда. Сонымен қатар, мобильді топ құру жоспарланған.
Айта кету керек, алғашқы паллиативтік орталықАлматы облысында ашылды және біраз уақыттанбері ерекше балаларды қабылдап келеді. Қарағандыда мұндай мекеме Әлиханов көшесі, 20 мекен-жайында орналасқан.
Жомарт Шаймұрат