Тараз қаласы бойынша 125 сайлау учаскесі бойынша референдумға 249232 сайлаушының 147517 (59,19 %) қатысты.
Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны барлық учаскелерде дауыс беруге қатысқандардың 73,77 пайызын немесе 108819 адамды құрады.
Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны 24,21 пайызын немесе дауыс беруге қатысқандар санының 35714 адамын құрайды.
Қалада барлық референдум учаскелерінде Республикалық қоғамдық ұйымдардан 357 өкілдер қатысты.