Жол жөндеу жұмыстары партия бақылауында

Бүгінде Тараз қаласының бірқатар көшелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы ел игілігі үшін ісетелініп жатқандықтан оның да сұрауы бар. Осы орайда, жөндеу жұмыстарының барысын бақылау мақсатында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалдары Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Партия тарапынан арнайы құрылған комиссия жөндеу жұмыстарынан бірқатар кемшіліктерді анықтады. Нақтырақ айтқанда, Щастакович көшесіне су құбырларын жүргізген «Жамбыл Су» мекемесі қазған жерлерін қайта қалпына келтірмеген. Сондай-ақ Әл-Фараби көшесін қалпына келтірген мердігер компания асфальт қалдықтарын жол жиегіне тастап кеткен. Осындай кемшіліктерді анықтаған комиссия мүшелері мердігер компания басшыларына орын алған олқылықтарды ретке келтіру бойынша тиісті ұсыныстар берді.