Жеңісің құтты болсын, Сара!
1 – 5 маусым аралығында Ливан мемлекетінің Джуния қаласында 2004-2006 жылғы жасөспірім қыздар арасында самбо күресінен өткен Азия чемпионатында Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, Жаңатас қалалық №26 спорт мектебінің шәкірті Сара Шұғаева жеңімпаз атанды.
Азия чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанған Сараны аудан орталығы Жаңатас қаласының кіре берісінен үлкен қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетілді.
М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында салтанатты жиынға ұласып, чемпион қызымызды дүбірлі додада жеткен жеңісімен аудан тұрғындары атынан құттықтап, Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс еттім.