Көлігіне жалған нөмір таққандарға жаза күшейтіледі
«Автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынатын болса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулік қамауға алу қарастырылып отыр», – деді Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ.