ҚОРДАЙДА БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АТА-АНАНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА 29 ПӘТЕР БЕРІЛДІ

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аудан әкімі Мәден Мұсаев айтты. Сондай-ақ, ол «Мейірім» жобасы аясында 102 баланың арнайы шоттарына 2 млн 500 мың теңгеден астам қаражат аударылғанын атап өтті. Жаз мезгілінде 900 бала жазғы сауықтыру лагерімен қамтылмақ.
©️©️©️
«Орайы келгенде, мәдениет саласындағы жұмыстарды да жеткізсем, ауданда барлығы 59 мәдени ошақ халыққа қызмет көрсетеді. Былтыр Отар ауылында 180 орындық және осы жылы Жамбыл ауылында 90 орындық мәдениет үйлерінің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Тілдерді оқыту орталығы арқылы 31 топта 387 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде», — деді спикер.
✳️Мәден Тоқтарбайұлы аймақта бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындардың саны 53 503 адамға жеткенін де мәлімдеді. Ауданда 5 айда 151 спорттық іс-шара өткізіліп, 8 922 адам қатысты.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі