Мидың жұмысын жақсартатын тағамдар

  • Көк және көк сия (фиолетовый) көкөністер мен жемістердегі (қара қарақат, қаражидек, кәді, қара өрік, қызыл орамжапырақ) антиоциан пигменті күйзеліспен күресіп, иммундық жүйені жақсартып, көздің көру қабілетін арттыруға көмектеседі.
  • Жасыл көкөністер мен жемістер (брокколи, авокадо, саумалдық, алмұрт, алма) ми жұмысына жақсы әсер етеді, жүйке және жүрек-қантамырлдары жұмысын жақсартады.
  • Қызыл көкөністер мен жемістер (қызылша, бүлдірген, шалғам, қызанақ, анар, бұрыш) иммунитетті нығайтып, асқорытуды жақсартады, күш-қуатты арттырады.

Сондай-ақ, мидың жұмысын жақсарту үшін рационыңызға міндетті түрде омега-3 қышқылдары көп балықтарды қосыңыз. Оның жетіспеуі мидың ерте қартаюына, ақыл-ой белсенділігінің төмендеуіне алып баруы мүмкін.