ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

 
Облыс әкімінің бастамасына сәйкес жасанды су айдынында қолдан балық өсіру шаруашылығы біздің ауданымызда да қолға алынып, дамып келеді. Бүгін Шөңгер тау бөктерінде орналасқан “Номад” шаруашылық қожалығының жұмысымен таныстым.
Аталған шаруа қожалық басшысы 60 000 шабақ жіберіп, игілікті ісін бастаған. Алдағы уақытта 200 000 шабақты жасанды су айдынына жіберіп, өсіруді жоспарлауда.
Қазіргі таңда 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сонымен қатар, жұмыс жоспарына сәйкес “Керең” шаруа қожалығының сүт тауарлы фермасының жұмысымен танысып, шаруа қожалықтың басшысымен пікір алмастым.
20 адамды жұмыспен қамтып отырған аталған шаруа қожалықта 250 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасы 3000 литрге дейін сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысады.
Ауданымызда сүт өнімдері көлемін арттыру мақсат еткен шаруа қожалықта айран, қаймақ, май, құрт және басқа да сүт өнімдері жасалынады.
Сондай-ақ, жұмыс жоспарына сәйкес Қарақыстақ тау шатқалындағы “Golden Compass Capital” АҚ Тау-кен металлургия өндірісіне электр желісін тарту жұмыстарының жүргізілу барысын көрдім.
Өндіріс басшысылығымен және мердігермен кездесіп, пікір алмастым.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі