Еліміздің болашағы – жастар
Облысымызда тапқырлығымен таңдай қақтырып, математикалық қабілеттері арқылы топ жарып жүрген жас математиктеріміздің қатары да күннен күнге көбеюде.
Алматы қаласында химия-биология бағытында өткен «Бастау» математикалық турнирінің республикалық кезеңіне облысымыздан екі команда қатысып, бақ сынасқан еді.
Командалық сынақ бойынша Жамбыл атындағы №5 мектеп-гиназиясының «Импульс» командасы ІІІ орынды иеленді. Ал, жеке сынақ бойынша аталған мектептің 2 сынып оқушысы Мұхамбетжан Мұхаммед топ жарып І дәрежелі дипломмен марапатталса, Мұхтар Сұлтан ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, терең білімімен ерекшеленгені үшін бірқатар оқушыларымыз грамоталармен марапатталды.
Республикалық байқаудың барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын! Болашақта толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілеймін!