ӘРІПТЕСТЕР СПОРТ АЛАҢЫНДА

 

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні.

Бұл кәсіби мереке – мемлекеттік қызметте жүрген барша азаматқа ортақ.

Әрине, бұл саланың қиындығы да, жауапкершілігі де мол.

Соған қарамастан, біздің басты міндетіміз – ауданның дамуына өз үлесімізді қосу. Себебі, мемлекеттік қызметші дегеніміз – ел тірегі.

Бүгін Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті.

Спорттың алты түрінен ұйымдастырылған жарысқа 120-дан астам мемлекеттік қызметшілер қатысты. Тартысқа толы бәсекеде ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мамандар мемлекет қызметінде ғана емес спортта да белсенді екендіктерін көрсетті.

 

Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының әкімі