ШУДА ҚАРАСОРА АЛҚАБЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бірқатар республикалық, облыстық, аудандық құқық қорғау және мекеме басшыларымен бірлескен республикалық “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Дәл осы қарасора алқабын жою мақсатында 100  гектардан аса  қарасора орылып, тиісті  жұмыстары атқарылды.

Аудандағы есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар легі алдағы уақытта одан әрі күшейтілмек.