МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН КӨРІКТІ
Ия, Ислам діні адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға үндейтіні белгілі. Жақсылық жасауға жаны құмар жандардың бірі, жеке кәсіпкер Еркебұлан Қайратұлы Ботамойнақ елді мекенінен еңселі мешіт үйін тұрғызып, ел игілігіне ұсынды.
Астаналық тұрғын болса да туған жеріне деген құрметін көрсеткен атпал азамат жаңа мешітті атасы Бекбергеннің есімімен атауды жөн көрген.
Жаңа мешіттің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, Түркістан облысы, Сарыағаш медресесінің негізін қалаушы Абдужапар Сманов, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Ғазиз Абаханов,«Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов, ауыл, ел ағалары ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, осындай игі іске атсалысқан азаматтарға сый-сияпаттар көрсетіліп, жаңа нысанның лентасы қиылды.
Мешітте алғашқы намаз оқылып, соңынан ас таратылды.