«Ақмешіттің қызымын»

Үңгір хх ғасырда ғана бет бөлігі құлаған соң адамдарға кіруге мүмкіндік берілген.Алғашында үңгірге арқан тастау арқылы кірген болса қазіргі кезде саты салынған Яғни адамдарға кіруге ыңғайлы.Үңгірдің іші салқын әрі ылғалды және көптеген адамдар тілектерінің орындалатынына сеніп тастардың арасына қойып кетеді.Тағы да сенім бойынша балалы бола алмаған аналар сол жерде қонған.Тек тілек орындап ғана қоймай адам бойындағы жаман энергияларды алып ,жан дүниені тазалайды .Міне осындай деректердің арқасында әулие үңгір атағына ие болды.Ақмешіт үңгірі-Түркістан мекеніндегі ең танымал әрі көрікті жерлерінің бірі.
Ақмешіт үңгірінің маған әр тасы асыл таспен тең.Өзінің ерекшеліктерімен адамды баурап алатыны маған қатты ұнайды.Болашақта өз өлкемде орналасқан осы үңгірге көптеген зерттеулер жүргізіп жасырынған жұмбақтардың шешімін тапқым келеді .Мақтаныш пен ауыз толтырып айта алатын керемет үңгірімді одан сайын жаңғыртып еліме қол ұшымды тигізгенді жөн көремін.Менің мақтанышым -Ақмешітім!
Мен осындай ғажайып елді мекенде туып өскеніме мақтан етемін!!

Мөлдір Даулетярова. «Тіл мәдениеті» жас ақындар клубының қатысушысы. 8 сынып оқушысы.

 

 

«Ақмешіттің қызымын».

Ақмешіттің қызымын аңқылдаған,
Көз алдыма елестер жарқын ғалам!
Туған жердің суы да, топырағы,
Алтын маған! Алтын маған!

Ақмешіттің қызымын лүпілдеген,
Туған елге шымырлар бүкіл денем!
Күннің көзі түскенде гүл шығады,
Қарағандай анашым күтімменен.

Ақмешіттің қызымын тұмарындай,
Тұнық болып ағатын бұлағындай.
Көз салыңыз жеріне, көркеміне,
Өлең деген мінетін желкеніне!

Ақмешіттің қызымын асылындай,
Баға жетпес гаухар тас ғашығындай!
Еркесімін үйімнің ертеңімін,
Елге айтамын мұңымды жасырынбай.

Ақмешіттің қызымын, байлығымын,
Нәзік жанды, тамаша ай- күнімін.
Мен қазақтың болашақ кемеңгері,
Алға қарай ұмтылып келем енді.
Бар қазаққа өлеңді берем енді!

Өлеңді жазған: Даулетярова Мөлдір.
05.02.2022ж