Қазақгершілік

Ұзақ жыл дәрігер мамандығын оқыған қазақ қызы өз денсаулығына қарамады. Оған уақытыда жоқ. Ертелі-кеш кітаптан бас алмайтын қызының жүдеп кеткенін байқаған анасы ауылға саумал ішуге шақырды.
«Қазақшылықтан ем қонбайды» деген қызының қарсылығына қарамай, отыз күн бие сүтін ішкізді. Таза ауада серуендетіп, түрлі шөп дәрілер қайнатып берді. «Жұрттың тіл, көзіде бар» деп, қара молдаға демде салдырды.
Арада ай өткенде, «қазақшылықтан» бетіне қан жүгірген доғдыр қыз қалаға қайтты.
Күн ыстық. Үлкен жолдың бойында екі полиция көлік тоқтатып тұр. Қария кісінің құжатынан кемшілік табылды.
—Қаладағы үлкен баланың үйіне бара жатырмын. Бара осы құжаттарды жасатамын, жібере ғой айналайын. Қазақтың баласы екенсің, сенің де атаң бар шығар» деді қария.
-Көке, заңның аты — заң ! Қазақгершілікке жол жоқ ! деді, Гаишник. «Қария кісі екен, Жібере салайық» деді қасындағы серігі. Әлгі заңқой ойланып қалды. Не дерін білмей қиналып тұрғаны байқалады.
Қатталып қағазға түскен ата заңымызбен, қария айтқан қазақгершілік ой таразыға түсті. Қолындағы қағазбен, алдындағы қарияға кезек қарап сәл тұрды. Ақыры, қазаққа қанмен келетін, ұятпен-ибадан тұратын жазылмаған дала заңы қазақгершілік таразы басты.
—Жасыңызды сыйладым -деп, құжатын қайтарып берді.
Батасын беріп қария да жөніне кетті.
Кең бөлменің төрінде әулет үлкендері жағалай отыр. Қабақтары қату. Барлығының назары ортада басын төмен иіп, тізерлей отырған балаң жігітте. Үнсіздікті қаралы үйдің егесі бұзды.
—Ее, қайтейін -деді ол ауыр күрсініп. Өлер бала өлді. Сені соттатқанда оның орны тола қоймас. Қазақта, «алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген бар. Әдейі өлтірген жоқсың ғой… Алланың ісіне не шара. Тым жас екенсің айналайын бағыңды байламайын, жалғызымның өлімін кештім! -деді. Соңғы сөзін айтқанда бетін көпшіліктен жасыра бұрып, иегі кемсеңдеп кетті. Оғанда оңай емес.
Балаң жігітте іштей тығылып зорға шыдап отыр екен, ет беттей құлап өкіріп жылап жіберді.
Айнала отырғандарда иықтарыннан ауыр жүк түскендей жеңіл демалысты. Бірде біреуі қарсы пікір айтпай үнсіз бас шұлғып қоштағандай болды. Өйткені, бұлардың барлығы ар-ұятқа, обал-сауапқа негізделген қазақгершіліктен тәлім-тәрбие алғандар еді.
Мінекей құрметті оқырман, «қазақгершілік» дегеніміз, нағыз адамгершіліктің өзі. Қазақ үшін қазақгершілікті жоғалту, адамгершіліктен айырылу болып табылады
Возможно, это изображение дерево и на открытом воздухе
Рахима Абдуллаева and 48 others
8 Comments
12 Shares
Like

Comment
Share