Жамбыл облысында 32 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді
Жалпы бүгінгі күнге облыс бойынша 8,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасып отыр.
Тұрақтандыру қорын қосымша қалыптастыру үшін 3000 тонна 1-ші сұрыпты ұн, 60 тонна қарақұмық жармасын және 500 тонна қант сатып алу үшін конкурс жарияланды.
Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорында 1 айлық қор қалыптасқан.
Бұдан бөлек, оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністермен облысты қамтамасыз ету мақсатында келісім шарттар жасалынды қырыққабат – 40 тонна, сонымен қатар пияз және сәбіз сатып алу үшін келісімшарт келісуде.
Облыстағы халықтың әлеуметтік-осал топтарын қолдау үшін 32 әлеуметтік дүкендер мен павильондардың (Тараз қаласында 16 дүкен және аудан орталықтарында 16 дүкен) жұмысы жалғасын табуда. Әлеуметтік дүкендерде негізгі азық-түлік тауарлары 20 пайызғы төмен сатылуда.