Балық өсіру – берекелі бизнес
Жақында Т. Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов Шөңгер ауылындағы тау бөктеріне арнайы барып, «Номад» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Айта кетейік, аталған шаруа қожалық алдымен жасанды су айдынына 60 000 шабақ жіберген. Кәсіпкерлер игілікті істі осылай бастағанды жөн көрген екен. Алдағы уақытта 200 мың шабақты жасанды су айдынында өсіруді жоспарлап отырған көрінеді. Қожалықта қазірдің өзінде 20 адам жұмыс істейді. Егер кәсіптің керегесі кеңейген жағдайда бұл сан еселеніп, көбеюі мүмкін. Қожалық жетекшісінің мақсат-мүддесі де сол. Өз кезегінде аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы балық шаруашылығын қолға алып, ауданда сол кәсіптің өрісін кеңейтуді көздеген қожалық жетекшісіне әрқашан қолдау білдіретінін айтып, жұмысына сәттілік тіледі.