Тәуба де
Өйткені, ауру айығады, қасірет ұмытылады, күнә кешіріледі. Қарыз өтеледі, істеген жақсылығың қайтады.

Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып таң ататынын, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың – жеңілдікке, тіршілігің – тұрақтылыққа, болашағың – жақсылыққа ұласады.

Қызған күннің ыстығын көлеңке басады, шөлді мұздай, мөлдір су қандырады, аштықты жұмсақ, ыстық нан тойғызады, ұйқысыздық шаршауын тәтті ұйқы қандырады, дерт күйзелісі сауығумен кетеді.

Себебі, сен егер қайғы-қасіретке жүрегіңнен орын берер болсаң, үздік дәрігерлер мен олардың берген кеңестері, дәрі-дәрмектері сені емдеп қуандыра алмайды.

Себебі, Алла Тағала сен үшін жер мен ондағы нәрселерді жаратты. Сенің игілігің үшін жайнаған бау-бақшаларды, әсем гүлдерді, әр түрлі ағаштарды, жарқыраған жұлдыздарды, өзен-бұлақтарды жаратты.

Себебі, сен мөлдір су ішіп, таза ауадан дем алып, денің сау, өз аяқтарыңмен жүріп, түнде тыныш ұйықтап жатырсың!